Дүйсенбі, 22 шiлде, 19:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 24 жастағы қызға қайта бүйрек трансплантациясы жасалды

10.06.2024

331 0

Бүгін Қызылордада Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. Жиырма төрт жастағы азаматшаға 45 жастағы әпкесі донор болды.
Реципиенттің диагнозы: терминалды бүйрек жетіспеушілігі. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жасатқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алып, бүгін екінші мәрте жасатты.

Отаны Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті.
Операция сәтті өтті.
Қызылорда облысында білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалуда. Айта кету керек, бұл аймақта жасалған бесінші бүйрек трансплатациясы.

Көпбейінді облыстық аурухананың баспасөз маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: