Жұма, 11 қазан, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Диетолог әжімдердің алдын алуға арналған әдістерді айтты

07.09.2022

589 0

Ресейлік диетолог, нутрициолог Ирина Писарева бет терісінің қартаюын тоқтататын әдісті атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ura.ru порталына берген сұхбатында ол құрамында қант бар тағамдардан бас тартса, бет терісі жақсаратынын айтты. Сонымен қатар, бұл артық салмақ пен қант диабетінің алдын алып, қан тамырларының жұмысын реттейді.

“Егер қант және құрамында қанты бар өнімдерден бас тартсаңыз, артық салмақтан құтыла аласыз. Өйткені қант денеге тек қысқа уақытқа энергия бере алады. Қантсыз тамақтар қант диабетінің алдын алып, қан қысымын реттейді. Қан тамырларының жұмысы жақсарып, ми мен жүректі оттегімен қанықтырады”, – деді маман.

Сонымен қатар нутрициолог тәтті жемейтін адамдардың бет терісінің түсі жақсырақ әрі әжімдердің аз болатынын айтты. Десе де қанттан толықтай бас тартуға болмайды, өйткені глюкоза ағзаға энергия береді, деп қосты маман.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: