Дүйсенбі, 24 маусым, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Емделушілерге психологиялық көмек көрсетілмек

03.12.2022

848 0

Психологиялық көмек адамға әр кезде керек. Әсіресе науқастарға денсаулық сақтаудың емдеу, алдын-алу жүйесінде психологиялық қолдау көрсету – сауығудың алғышарты.

Осы мақсатта аймағымызда алғаш рет облыстық онкология орталығында «Пациенттерге психологиялық қолдау көрсету бөлмесі» ашылды.

Арнайы бөлменің ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов пен «Мансап» мектебінің директоры София Әбдіразақова қатысты. Олар емделушілерді орталықтың ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

– Онкология орталығындағы психологиялық көмек бөлмесі оңалту бөлімшесін ашудың алғашқы қадамы саналады. Алдағы уақытта осы секілді жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Аймақта барлық денсаулық сақтау мекемелері психологтармен қамтамасыз етілген. Науқас­тардың тәнін ғана емес, жанын да емдеуге үлес қосуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан да осындай кабинеттердің көптеп ашылуына жұмыс істейміз. Дегенмен бұл ғимарат кеңейтуді қажет етеді. Сондықтан келер жылы салынатын ауруханада онкологиялық төсек-орындарға басымдық беріледі. Қазіргі таңда бірнеше скрингтік бағдарламалар бар. Солардың нәтижесінде ауруды ерте анықтау жақсарып келеді, – деді Сәбит Пазылов.

Онкология орталығының бас дәрігері Нұржамал Мырзағалиева ерекше бөлмедегі көрсетілетін қызмет түрлерімен  таныстырды.

– Арнайы бөлмеде науқастарға жүйелі түрде ақпа­раттық-психологиялық көмек көрсетіледі. Негізгі мақсат – емделушілерді қоғамдық ортадан бөлектемей, күйзеліске ұшырамай, қалыпты өмір сүруге бағыттау. Оларға шешім қабылдауға, әрекет етуге, өзгертуге және өз қабілетттерін іс жүзінде жүзеге асыруға болатынына көмектесуге міндеттіміз. Осы орайда кабинет құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Оған облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы мен «Мансап» мектебінің директоры София Әбдіразақова демеушілік жасады. Сондай-ақ осы мектептің оқытушысы Гүлзат Ермекқызы науқастармен ой мен жанның, тән мен рухтың тамаша үйлесімі сурет өнері бағытында жұмыс істейтін болады. Сурет салу арқылы ойы бөлініп, ауруын аз ғана уақыт болса да ұмытатындай нәтижеге жеткізеді деп ойлаймыз. Науқастарға емдік шара ғана қолданбай, көңіл-күйлерін бақылай отырып емдеу шараларын жалғастыруды міндет етіп отырмыз, – дейді Нұржамал Мырзағалиева.

Мұнда қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерге психо­логиялық көмек көрсетіледі. Мәселен, түрлі ойындар, сурет салу, бояу беттері бұрышы, арттерапия, музыка терапия сынды демалыс орындары қызмет көрсетеді. Сонымен қатар  емделушілерге түрлі табиғи шай ішуге де жағдай жасалатын болады. Яғни бұл бөлме науқастардың күйзеліске түспей, ем алуына көп көмегін тигізеді деп жоспарланған.

Өңірде онкологиялық ауруларды емдеу, алдын-алу, ерте сатысында анықтау сияқты жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мәселен, осы жылдың ішінде орта­лықтан 3368 науқас ем алса, оның ішінде тәулік бойғы стационарда 2724, күндізгі стационарда 644 науқас емделіп шыққан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: