Дүйсенбі, 22 шiлде, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілді

19.06.2024

203 0


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға көмек ретінде қайырымдылық көмегі жиі көрсетіледі. Құрбан айт мерекесіне орай Қармақшы және Қазалы аудандық пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек берілді. Қармақшы ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен Қармақшы ауданының “Қармақшы ата” мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен 38 отбасына қайрымдылық акциясы ұйымдастырылып, азық-түлік дорбасын таратып ізгі ниет білдірді. Сол қайырымдылық дорбасынан пробация есебінде тұрған 5 отбасына табысталды. Ал, Қазалы ауданында Отбасын қолдау орталығының демеушілігімен есептегі 1 азаматқа азық түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.

  • Бүгінде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды бақылап қадағалап ғана қоймай, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да жұмыс атқарады. Жыл басынан Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған 15 азамат жұмысқа орналастырылып, 20 азамата медициналық, 21 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді,-дейді Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жүнісов Жақсыбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: