Дүйсенбі, 02 қазан, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76 (1983)
26.09.2023
PDF мұрағаты

Мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

05.01.2021

896 0

03 қаңтар күні сағат 20: 00-де облыс орталығында  екі автокөлік соқтығысып, жол – көлік оқиғасы орын алды. Жол – көлік оқиғасынан зардап шеккендер болған жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Бұған қоса, сот шешімімен 2019 жылдың 12 ақпанында ол  3 жылға  көлік басқару құқығынан айырылған болатын.  Алайда, бұған  қарамастан   бұл азамат мас күйінде қайта көлік тізгіндеген. 

       Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.  Күдікті облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.  

        Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау  мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

     Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: