Сәрсенбі, 13 қараша, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Есірткі затын тасымалдаған күдіктіні ұсталды

25.01.2021

1402 0

Ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні  Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Самара-Шымкент» М-32 тас жолының 1336 шақырымында Арал ауданы аумағында Ақтөбе облысына бағыт алған «Тойота Камри» үлгісіндегі  күдік тудырған автокөлігі тоқтатылды. 

Қарап-тексеру барысында жолаушының сөмкесінен 2 дана скочпен оралған пакет ішінен есірткі затына ұқсас жасыл түсті ерекше иісі бар зат анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған ерекше иісі бар заттар салмағы 1 кг  жуық «кептірілген марихуана»  болып шықты.

Күдікті жолаушы  Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен  (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: