Жексенбі, 30 маусым, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Түзеу мекемесінен екі сотталған жазасын өтеп, бостандыққа шықты

27.06.2024

161 0


Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінен мерзім соңымен екі сотталған босатылды.
Олардың екеуі де сот үкімімен «Ұрлық» бабымен сотталған. Осы азаматтарға мекеме әкімшілігі «Қақпа алдында кездесу» шарасын ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – сотталғандарға қоғамға бейімделуге, жұмыс табуға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға қолдау көрсету. Сала мамандары екі сотталғанмен әңгімелесіп, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар жасаудың салдары жайлы да сөз етті.
Бүгін мен үшін қуанышты күн.Жазамды толық өтеп шығып жатырмын. Мамандардан мәлімет алдым. Ендігі жерде жұмыс жасап, отбасыма көмектессем деймін. Армандарым да жоқ емес. Сыртта мені бауырларым күтіп тұр,-дейді сотталған азамат.
Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген отбасылары асыға, қуана қарсы алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: