Бейсенбі, 25 сәуiр, 22:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: «Құқық тәртібі» іс-шарасының 34 күнінде масаң күйде көлік басқарған 61 қала тұрғыны ұсталды

16.02.2022

821 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын – алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс – шарасы аясында біршама жұмыстар атқаруда. 13 қаңтарда басталған іс – шараның 34 күнінде масаң күйде көлікті тізгіндеген 61 автокөлік иесі анықталды.

Шара барысында полицейлер 14 ақпан күні түнгі уақыт 03:50 шамасында Ажаров көшесінің бойында көлік құралының жол ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. Құқық бұзушылық жасаған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін дереу тоқтатылып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген24 жастағы қала тұрғынының құжаттары жоқтығы анықталады. 

Көлік тізгіндеуші азамат 2021 жылдың cәуірайында соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1 – бөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды. 

Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, көлік жүргізушісін наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат «орта дәрежедегі» алкогольді масаң күйде болғандығы анықталды. 

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: