Жексенбі, 30 маусым, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегі азамат бизнес жобасын қорғады

28.06.2024

195 0


Ағымдағы жылдың маусым айының 25-26 күндер аралығында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресустық орталығы” КММ-сі және “Ай-Қанат” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында “BASTA” бизнес-лагері өткізілді. Бизнес-лагерге облыс көлеміндегі NEET санатындағы жұмыссыз жастар іріктеліп шақырылды.

Лагерь аясында жастар бизнес тренердің семинарына қатысып, Қызылорда қаласында жаңадан бой көтерген ғимараттармен танысып, «Koksu Village» демалыс орнында спорттық сайыстарға қатысып, бизнес жобаларын қорғады.
Бизнес-лагерге Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған “А” есімді азамат қатысып, байқаудан жүлделі екінші орын иеленіп, арнайы дипломмен және 70000 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды.
Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені бизнес жобам жеңімпаз деп танылды.
Жылжымалы кинотеатр бизнес жобасын жасағанмын.Алдағы уақытта басқа да жобаларды жасайтын боламын. Қазіргі уақытта жеке кәсіп ашамын деген жастарға қолдау көп.Жеке кәсіп ашып, халқыма пайда тигізіп,отбасымды адал жолмен асырайтын боламын. Жастарды қолдайтын шаралар көп болсын,-деді есептегі азамат.
Сайыс және бизнес жобаның үздіктерін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек марапаттады!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: