Сейсенбі, 07 мамыр, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Батыс Қазақстанда әйел мүлік үшін күйеуін өлтіруге адам жалдаған

01.03.2024

252 0

Полиция жедел іс-шаралар барысында Батыс Қазақстан облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірмек болған адамның жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды. 

Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қайғылы жағдайға жол бермеді.

Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен облыстың екі тұрғыны ұсталып, тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел екені анықталды.

​Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қару сатып алып, кісі өлтіру үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.

Күдіктілер ұсталды, сот санкциясымен олар қамауға алынды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жария етілмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: