Сейсенбі, 02 шiлде, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Boeing 787 ұшағы турбуленттікке тап болып, 30 адам жарақат алған

02.07.2024

109 0

Сурет: Фото: BBC.com

Испанияның Air Europa әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы қатты турбуленттік салдарынан кейбір жолаушылар жарақат алған соң Бразилияға шұғыл қонды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

EC-MTI (2018 жылы шығарылған) тіркелген ұшақ Мадридтен Уругвай астанасы Монтевидеоға UX45 рейсін орындаған.

Оқиғадан кейін ұшақ Бразилияның солтүстік-шығысындағы Натал халықаралық әуежайына бағытталды. Уругвай сыртқы істер министрлігі зардап шеккендердің Натал қаласындағы ауруханаға жеткізілгенін, ал кейбіреулерінің шығарылғанын хабарлады.

Air Europa резервтік рейс Мадридтен ұшып, Бразилияда жолаушыларды алып, Монтевидеоға рейсті жалғастырғанын айтты.

«Дүйсенбі күні таңертең 325 жолаушы мінген ұшақ Бразилия жағалауына жақындаған кезде Атлант мұхитының үстінде турбуленттікке тап болды», – деп хабарлады Air Europa өкілі.

Ұшақ жерге сәтті қонып, жедел жәрдем күтіп алды. Дәрігерлер бразилиялық БАҚ-қа кем дегенде 30 жолаушыны емдегенін, оның 10-ы ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: