Дүйсенбі, 06 мамыр, 08:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Желдің екпіні 24 нысанға зиян келтірді

04.04.2023

530 0

Өткен демалыс күндері ауа райы қолайсыздық тудырды. Ұйытқи соққан жел мен екпінді дауылдың салдарынан  ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар сынып, электр желілерінде ақау пайда болды. Жалпы 31 наурыз бен 1 сәуір күні болған антициклон әсерінен аймақта

24 нысанға зиян келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппаратының  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің басшысы Ағайша Сматова айтты.

Аймақ бойынша 7 білім, 3 мәдениет, 9 мем­лекеттік мекеме, 2 көпқабатты, 3 жеке тұрғын үй ғимаратына зиян келген.

– Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша комиссия тобы құрылып, келтірілген шығын есептелуде. Алдағы уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, – деді бөлім басшысы.

Мамандар әдеттегі ауа райының бұзылуы емес, антициклон деп баға берген желдің ұйытқуы 15-28 метр секундына дейін орын алған. Соның салдарынан электр бағаналары құлап, жарықтың ажыратылуына себеп болған. Бұл жағдай Жалағаш, Қармақшы, Шиелі ауданы мен Тасбөгет кентінде болды. Қатты желдің салдарынан 39 электр бағанасы құлаған. Орын алған ақауларды жоюға 64 бригада, 54 техника мен 264 қызметкер жұмылдырылған. Ал төтенше жағдайлар департаментіне бұл күндері жеке тұрғын үйлер мен нысандардан 18 шақырту түскен.

«Қазгидромет» АҚ облыс бойынша филиалының бөлім басшысы Әйкерім Жүкенова екпінді желдің күші алдағы күндері басылатынын айтады. Сондай-ақ ауа температурасы жылынып, жауын-шашын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: