Бейсенбі, 28 наурыз, 22:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Суға шомылу кезінде сақтық керек

09.06.2022

1280 0

Жаз келсе, ең алдымен ойымызға оралатыны ол – суға шомылу. Жаз осынысымен – ақ тамаша ғой шіркін! Жаздың аптап ыстығында жағажайдың жанында табылған жанға рахат бермей ме? Дегенмен судың «тілсіз жау» екенін ұмытпаған абзал. Мәселен жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 11 адам қаза болған. Оның 5-і бала. Ал өткен жылы дәл осы кезеңде 18 адам суға кеткен болса, оның 13-і бала еді.


– Айта кету керек, ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып, демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда және осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесіп бүгінге дейін ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 8 адамға ескерту шарасы көрілді. Облыс аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жеке жағажай жұмыс жасап жатыр. Ол Қызылорда қаласындағы «Сыр-самалы» және Белкөл кентінде орналасқан «Абай» демалыс орындары. Қазіргі таңда аудандарда 4 коммуналдық жағажайдың қаулысы әзірленуде, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Асхат Тоғызбаев.
«Сақтансаң, сақтаймын демекші», суға түсерде міндетті түрде сақтық шараларын ойлаған жөн. Тек тиісті орындарға ғана шомылып, төтенше жағдай болған уақытта алғашқы көмек шараларын білгеніміз артық етпейді. Тағы бір айтары, осы ретте ата-анаға да балаларының алдында зор жауапкершілік жүктелмек.

Арайлым ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: