Бейсенбі, 04 шiлде, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Ақтөбеде колледж директоры студенттерден пара алды деген күдікпен ұсталды

04.07.2024

101 0

Сурет: aq-alt.edu.kz

ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж директоры студенттерден пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбеде мемлекеттен тапсырыс алып отырған техникалық колледж директоры парамен ұсталды. Бейресми мәлімет бойынша колледжде сессия жабу үшін студенттерден ақша жиналған. Қазіргі таңда колледж директоры үй қамағында отыруы мүмкін. 

Ақтөбе облыстық білім басқармасы колледж директорының ұсталғаны туралы ақпаратты растады. 

“Иә, хабарымыз бар. Біліп отырмыз. Бұл жеке білім беру ұйымы. Бұрын М.Тынышбаев атындағы колледж, институт филиалы болды. Қазір ол жерде гуманитарлық-техникалық колледж жұмыс істейді. 720 студенті бар. Оның ішінде 245 студент мемлекеттік тапсырыспен білім алады. Жағдайға қатысты жеке колледж басшысына қатысты тәртіптік не босату секілді шара қолдану біздің қолымызда емес. Ол оқу орнының құрылтайшысы бар, сол жұмыс беруші тараптан шешім қабылданады”, – деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің ресми парақшасында 19 маусым күні директор жанындағы кезекті отырыс өткені жарияланған. Оқу орнының директоры 20 маусымда ұсталған болуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: