Жексенбі, 28 сәуiр, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды

02.08.2023

507 0

Қызылорда қаласы әкімінің 2023 жылғы 2 тамыздағы өкімімен Мүкеев Азамат Рысдәулетұлы қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Азамат Рысдәулетұлы 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде информатика мамандығы бойынша білім алған. Жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2011-2015 ж.ж. «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының менеджері, жастармен жұмыс бөлімінің жетекшісі, қоғаммен байланыс бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2016-2019 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

2019-2021 ж.ж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, директоры;

2021 жылы Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры;

2021-2022 ж.ж Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы;

2022 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: