Бейсенбі, 25 сәуiр, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауының бюллетеньдері қандай болады?

01.11.2022

784 0

2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстанның кезектен тыс Президент сайлауы қарсаңында Орталық сайлау комиссиясы кезекті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат мәтінінде, кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерінің саны, оның ішінде сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызын қоса, 12 069 990 дананы құрайтыны айтылған.

Сайлаушылардың жалпы саны 11 950 485 адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш сайлау комиссияларына ұсынылған актілерде көрсетілген.

Сонымен қатар, сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді – кандидаттардың аты-жөні әліпби ретімен тізімделген, ақпарат екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде берілген. Бұдан бөлек бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген жол болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: