Сейсенбі, 23 шiлде, 13:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет

13.07.2024

232 0

Бүгінгі таңда Сыр өңірінде мемлекеттік органдардың штат саны 3349 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс істейтін 3246 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3231-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері.
Мемлекеттік қызметшілердің 99,5% қазақ, қалған 0,5% өзге ұлт өкілдері. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,9%-ды құраса, оның ішінде 9,4%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Атап айтқанда, 1-і басқарма басшысы, 4-і департамент басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 9-ы департамент басшысының орынбасары, 3-і ауыл әкімі, 8-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары сияқты түрлі санаттағы басшылық лауазымдарды атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің 94,4%-ы жоғары білімге ие болса, 5,6%-ы орта кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқарады.Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің 23,3%-ы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте 11 ғылым кандидаты, 4 «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері мен 24 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,4%-ды құрайды.
Меритократия қағидаттарына сәйкес қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 71,5% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған болса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандардың үлесі – 20,9%.
Соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрап отыр.Теріс себептер бойынша 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.

Бақытжан Нұралы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: