Қызылорда қаласында тұрғын үйдің ауласында орналасқан уақытша баспана мен гараж, монша және автокөлік жанып кетті. Оқиға Мырзабекұлы № 17 тұрғын үй ауласында орын алған.
Ауданы 20×4 метр құрайтын гараж, уақытша баспана мен моншаның 10×4 метрі және гараждың төбе жабындысы, гараж ішіндегі «TOYOTA AVENSIS» маркалы автокөлік толығымен жанып, ондағы 15×4 метр шатыр асты ағаштары зақымдалды.
![](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2024/07/2fc641d7-a722-4713-9639-b2fb18803690-1024x576.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!