Сенбі, 04 мамыр, 00:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жеңіс Ысқақова: «Нағима тәкәппар, мен ондай емеспін»

12.09.2023

682 0

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова өнердегі әріптесі Нағима Есқалиева туралы қандай ойда болғанын жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жеңіс Ысқақова жас кезінде көп адам өзін Халық әртісі Нағима Есқалиеваға ұқсататынын айтты. 

“Жас кезімде, сахнаға енді қадам басып жүргенде мені “Ой, сен Нағима Есқалиеваға ұқсайсың” деген кісілерге:
“Жоқ, мен ұқсамаймын!” – деп қарсылық білдіретін едім. “Нағима – ол тәкәппар, кішкене бұзықтау, мен ондай емеспін” деп айтатынмын. Жақын таныса келе, Нәкеңнің жүрегінің нәзік екенін, әділетсіздік көрсе, соған шыдай алмайтынын, тіпті үнді киносын көргенде жылап қалатынын көріп: “Ойбуй, сіздің де сыртыңыз батыр болғанымен, ішкі жан дүниеңіз нәзік екен ғой”, – деп жүрегім жылып, жақсы көріп қалдым. Қазір көрмесем сағынатын болыппын. Расында, екеумізде табиғи ұқсастық бар екен. сосын екеуміз де Халық әртісі Лаки Кесоглу ұстазымыздың шәкірттеріміз. Жүрген жері мереке! Әзілі мен әңгімесі үйлескен Нағима апым Қабдолқызы. Жүз жасаңыз”, – деп жазды Жеңіс Ысқақова.

Желі қолданушылары Нағима Есқалиеваны шынайылығы үшін сыйлайтынын айтып, жер-көкке сыйғызбай мақтады.

“Нағима – аңыз адам”, “Нағима апамыз әлі жап-жас”, “Нағима Есқалиева керемет әнші. Аман болып, әндеріңізбен тербетіп, шырқай беріңіздер”, “Нағимаға ешкім жетпейді. Ешқандай көзбояушылық жоқ”, “Ермінезді қазақ қыздары аман болсын”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: