Сәрсенбі, 30 қараша, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (1899)
29.11.2022
PDF мұрағаты

Қызылордада есірткі саудалаушылар ұсталды

03.02.2022

292 0

Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 27 қаңтар күні өз үйінде аса ірі көлемде  есірткі затын сақтап, тасымалдап жүрген қала тұрғынын анықтады.

Тәркіленген заттар 1 кг астам кептірілген марихуана екені сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде 1,5 астам кептірілген марихуана табылды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР-ның ҚК-нің 296-бабымен іс қозғалып, күдікті екі азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.

      Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 

Тағы да оқыңыз: