Дүйсенбі, 22 шiлде, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі елді мекендердегі тапсырмалар бойынша мәжіліс өткізді

18.07.2024

117 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте елді мекендерді абаттандыру, дамыту, тапсырмалардың орындалуы талқыланды.

Аймақ басшысы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығына зерделеу жүргізілетінін ескертті.

«Әкімшілік аумақтағы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығын қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде көркейту-көгалдандыру, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізіңіздер. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жол бойындағы ой, шұңқыр, жол белгілерінің барлығын қарап шығып, кемшіліктер болған жағдайда шұғыл қалпына келтіріңіздер. Барлық басқарма, аумақтық департаменттер, республикалық мекемелердің облыстағы филиалдары ортақ іске жұмылдырылуы қажет. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі бұған дейінгі бөлініс бойынша барлық сектордағы тазалықты қадағалап, тиісті жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етіңіздер», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі аппаратына күнделікті зерделеуді әрі қарай жалғастырып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: