Жұма, 29 наурыз, 00:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сарысудың сан пайдасы

30.05.2021

1472 0

Қазақ халқы ежелден сүтті өнімдерді адам денсаулығына пайдасы зор екенін білген. Бірақ қазіргі кезде дайындалуы өте сирек кездесетін сүт тағамдары көп. Соның бірі ірімшіктен дайындалатын сарысу. Осы сарысудың пайдасын көп адам біле бермейді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты.

Сарысу – сүттен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның құрамында холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі. Сонымен қатар сарысу лактозадан тұрады. Ол артық майдың жиналуына жол бермейді, әрі асқазан- ішек жолдарының жұмысын реттеуге септігін тигізеді. Ірімшікті жасаған кезде сарысу алынады. Сарысуды сүзіп алады. Оны қазанға құйып көп қайнатады, әрі ондағы су буланады. Осы сәтте сарысу қоймалжыңдана бастайды. Кейін оны қазаннан түсіріп, қолмен алақанға алып сығады әрі кептіреді. Мұны «сірне» немесе «сүт сірне» деп атайды. Ол «ирис» кәмпитіне ұқсайды. Сондай-ақ бұл сүт өнімнің адам ағзасына пайдасы зор.

Ол бауыр жұмысын реттейді және бүйрек қызметін жақсартады. Семіздіктің алдын алу және емдеу кезінде де  өте пайдалы. Ағзадан артық сұйықтықты, уыттарды және қоқыстарды шығаруға көмегін тигізеді. Қанайналым жүйесін жақсартады, атеросклероз, ревматизм және гипертониялық аурулардың алдын алады. Теріні тазартып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Одан бөлек жүкті әйелдер үшін таптырмайтын аса пайдалы  өнім.

Ақсәуле Әбдікер,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

III курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: