Сәрсенбі, 24 шiлде, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен босатылды

24.07.2024

133 0

Сурет: pixabay,com

Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген. 

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған. 

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды. 

«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», – делінген полиция мәліметінде. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: