Жұма, 26 шiлде, 00:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Мас күйінде көлік айдаған бас имам ұсталды

25.07.2024

205 0

Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінен шығып, масаң күйде көлік айдап бара жатқан жерінде ұсталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол сот қаулысымен 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 

“Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы) кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 (он бес) тәулікке қамаққа алу және 7 (жеті) жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын.Қамаққа алу уақыты 2024 жылғы 23 шілде сәуір сағат 16:53 минуттан бастап есептелсін”, – деп жазылған қаулыда. 

Анықталғандай, оқиға 23 шілде күні түнгі сағат үште болған. 777DPA10 нөмірлі Toyota Highlander мінген бас имам Бурабай кентіндегі түнгі клубтың жанынан мас күйінде ұсталды. Сот отырысында Тәжімбет ішімдік ұрттағанын мойындамаған, қымыз ғана іштім деп ақталған. Алайда медициналық куәландыру мешіт қызметкерінің алкоголь ішкенін растады.

“Сот Б.Н. Тәжімбетке әкімшілік жаза қолдану кезінде оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлардың жоқ екендігін, ал жауаптығын ауырлататын мән-жай ретінде, оның алкогольдік масаң күйде болуы және ол әрекетінің жеке басына, айналасындағыларға қауіптілілік тудыратынын ескере отырып, құқық бұзушылық үшін балама жазаның жоқтығын ескере отырып, оған әкімшілік жаза ретінде қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп есептейді”, – деп жазылған сот қаулысында.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтынан Қостанайдың бас имамы туралы ақпаратты өшіріп тастағанын байқауға болады. 20 өңірдің 19-ы бойынша ғана мәлімет бар. 

Бірнеше сағаттан кейін осы оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми пікір білдірді.

“Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды”, – деп жауап берді ҚМДБ баспасөз қызметі.

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 2015 жылдың қараша айынан Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Үйленген, екі баласы бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: