Жұма, 03 мамыр, 03:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгінің бір сөзі

19.11.2022

637 0

Көптің арманы – байлық,

Бүгінгінің бір сөзі – айлық.

***

Бұрынғылар он үшінде баспын дейтін,

Бүгінгілер отызында жаспын дейді.

***

Жолы болмағандар заманды кінәлайды,

Әлеуметтік желіде көпті табалайды.

***

Қазақ тілін білмегендер министр боп жатса,

Жұртқа оны үйрен деп қалай айтасың?..

***

Біреу айлығым көбейсе дейді,

Біреу қызметім өссе дейді.

***

Халықтың арманы – несиенің жабылғаны,

Жабатын жанның табылғаны.

***

Бұл сөзді ұғына бермес «бай елдер»,

Зейнет жасы түссе дейді әйелдер.

***

Танысына көңілі толмаған,

Табысына сенім артады.

***

Бұрын ержеткеннің түсіне бойжеткен кіретін,

Қазір кейбір ержеткеннің түсіне ержеткен кіреді.

***

Басың алтын болса да,

Тіреуі жоқ ары тұр.

Басың қауақ болса да,

Тіреуің мықты бері тұр.

***

Ұлым – ұлтымның ұстыны,

Қызым – келешек кепілі.

***

Бай ақшасын банкке тықпайды,

Үйінде «банкте» ұстайды.

***

Қызметте өскің келсе,

Крышаң болсын,

Жұртты бақылағың келсе,

Крысаң болсын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: