Жұма, 26 шiлде, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Бүгін Париждегі Олимпиада басталады

26.07.2024

111 0

Сурет: ашық дереккөз

26 шілде, жұма күні Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

Олимпиаданың тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады. Оны еліміздің 5 телеарнасы көрсетеді. Олар – «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна».

Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

СЕНА БОЙЫНДА

Ашылу салтанаты бірегей болады: Жазғы Олимпиада ойындарының тарихында тұңғыш рет іс-шара стадионда өтпейді – барлық қатысушы елдердің делегациялары Сена өзенімен жүзеді. Барлығы 10 500 спортшы Париждің орталығын кесіп өтеді деп жоспарлануда.

93 ЛИЦЕНЗИЯ

Париждегі Олимпиадада Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді: турнирге қатысу үшін спорттың 25 түрінен 93 лицензия бар. Бастапқыда Қазақстанның атынан 80 спортшы қатысады деп жоспарланған болатын, алайда Олимпиада ойындарының ресми басталуы қарсаңында медальға басты үміткерлердің бірі — теннисші Елена Рыбакинаның бас тартқаны белгілі болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: