Сенбі, 27 сәуiр, 22:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Білім бөлімінің басшылары ақша жымқырды

11.12.2023

478 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Жаңақорған аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлар бюджет қаражатын білім беру жүйесінде шын мәнінде жұмыс істемейтін адамдардың есепшотына заңсыз аудару деректерін анықтапты.

«Сонымен қатар, жалған еңбекке жарамсыздық парағы мен іссапар шығындары бойынша бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді. Келтірілген шығын 200 миллион теңге болады», – делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Айта кетейік, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына заңсыз ақша аударғанын анықтады. Қылмыстық істер сотқа жіберіліп, кейбіріне қатысты айыптау үкімі де шығарылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: