Сейсенбі, 30 шiлде, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, жарақат алғандар бар

30.07.2024

58 0

Сурет: https://forbes.kz/

Ресейдің Волгоград облысында Қазан – Адлер бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ресей теміржолы компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде пойызда 800-дей адам болған. Соның 140-ы жарақат алған. Арасында балалар да бар. 

Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында 324 маман мен 109 техника жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: