Сенбі, 04 мамыр, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кореяда қазақстандық әйел жүргізушіге пышақ сұққан

12.08.2023

493 0

Оңтүстіккореялық БАҚ-та 50 жастағы қазақстандық әйелдің автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды insight.co.kr сайты.

Басылымның мәліметінше, оқиға Кенбу автомагистралінде болған

50 жастағы қазақстандық әйел автобус жүргізушісін жарақаттаған. 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция бөлімшесі шабуыл жасады деген күдікпен Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел сағат 15:12 шамасында Сеочодағы Кёнбу автомагистралінде Ханнам көпірі үстінен өтіп бара жатқан туристік автобустың әйнек тазалағышын сындырмақ болған.

Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан түскен, сол кезде әйел жүргізушіні пышақтап, қашып кеткен. 11 минуттан кейін әйел ұсталған.

Автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алып, жақын маңдағы ауруханада емделді. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Полицейлер қазақстандық әйелге қатысты қылмыстың себептерін анықтап, наркологиялық сараптама жүргізетіні айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: