Бейсенбі, 02 мамыр, 03:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қылмыскер әйелдің басын кесіп, дүкенде қалдырып кеткен

10.08.2023

404 0

Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіге қатысты алғашқы сот отырысында тың мәліметтер айтылды. Мемлекеттік айыптаушынының сөзінше, Асхат Иманқосов бірге тұратын әйелге өзінің керек екенін көрсету үшін әрі кезінде өзіне қарамай кеткен шұжық сататын әйелден кек қайтару үшін қанды қылмысқа барған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Тағылған айыпқа сүйенсек, тұрақты үйі мен табысы жоқ Иманқосов бірге тұрған әрі осы уақытқа дейін өзін асырап келген әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген. Әрі 60-тан асқан азамат пышақтан бастап, басты салатын пакетке дейін алдын ала дайындапты.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, марқұмды жататын жер мен жұмыс беремін деп алдап көріскен. 

“11 сәуірде Иманқосов алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ ықшамауданындағы үйден шығып саябаққа бет алады. Кешкі сағат 8 жарым шамасында Иманқосов Айбатулинамен кездеседі. Жәбірленуші жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнына ұрады. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болды. Ал кесіп алған басын пакетке салып, келесі күні сол басты базарға тастайды”, – деді мемлекеттік айыптаушы Асхат Кеңес. 

Басты шұжық сататын дүкенге қалдырып кетуінің де себебі бар екен. Осылайша кезінде өзіне қарамай кеткен әйелден, яғни сатушыдан кек қайтарғысы келген, дейді прокурор. Тергеу мәліметінше, Асхат Иманқосовтың көздегені де осы болыпты. Алматыда жүрген қанішерден қорғаймын деп, бірге тұрған әйеліне айтқан. Осы әрекетімен үйден қуып жібермес үшін өзінің керек екенін көрсеткісі келген.

Десе де сотталушы тағылған айыппен мүлдем келіспеді. Ол сотқа алқабилердің қатысуын сұрады. Сот онысын мақұлдады.

Еске салайық, 12 сәуірде Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылған еді. Марқұм – 1976 жылы туған әйел. Бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Оның денесі базар жанындағы қараусыз қалған ғимараттың маңынан табылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: