Бейсенбі, 01 тамыз, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық дзюдошы Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады

01.08.2024

60 0

Сурет: el.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың келесі айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті.  

Белдесу барысында бельгиялық  балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды. 

Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы – өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: