Жексенбі, 19 мамыр, 06:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Ер адам садақа жәшігінен ақша ұрлаған

05.08.2023

615 0

Шымкентте садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz 

Қаратау АПБ-ның «102» арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлғаны ұрлық үстінде ұстағанын айтты.

Шақырту орнына дереу жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Ер адам қаладағы ірі сауда нүктелерінің бірінде орналасқан қайырымдылық жәшігінен 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды.

Күдіктінің оғаш қылығын байқаған куәгерлер, оқиғаға бей-жай қарамай дер кезінде оны ұстаған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-не тіркеді.

«Жергілікті тұрғын бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі таңда жұмыссыз. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұрланған қаражат қайырымдылық қорының иесіне қайтарылды. Жақын арада жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі», – дейді Қаратау АПБ-ның анықтаушысы Дастан Ахмет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: