Сейсенбі, 23 сәуiр, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Кондитерлік өнімге сұраныс көп

16.11.2022

696 0

Қалада кондитерлік өнім шығаратын Алтынай есімді кәсіпкер бес жыл көлемінде тәтті өндірісіне қадам басып, тұтынушыларды таза өніммен қамтамасыз етіп отырған жайы бар. Бүгінде тәтті өнімдер цехында тірлік қызу.

Кәсіпкер кәсіп аясын кеңейту мақсатында бұған дейін алған несиесін қайта қаржыландыру үшін «Даму» қорының қолдауына сүйенген. Мемлекеттік бағдарлама негізінде қолдау тауып, қазір өндіріс ошағын қажетті заманауи құрылғылармен жабдықтаған.

– Кәсіпті үй жағдайында бастадық. Бірте-бірте тұрақты тұтынушылар қатары көбейді. Кәсіптің өрісін кеңейтсек деп несие алып, жұмыс істедік. Былтыр «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы бұрынғы несиені қайта қаржыландыру әрі өндіріс цехын сатып алу мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен субсидия берілді. Соның арқасында бүгін цехымызда қызу тірлік жүруде, – дейді цех меңгерушісі Гүлмира Тоятова.

Кондитерлік кәсіп қазіргі таңда қарқын алған. Тәтті тоқаш пісіруді ұнататындар бұл ксәіпті тез-ақ игеріп кетеді. Дегенмен әр кәсіптің өз ауыртпашылығы бар. Цех меңгерушісі Гүлмира Тоятова қолдаудың арқасында алынған түрлі заманауи құрылғылардың жұмысты біршама жеңілдеткенін айтады. Мұнда 25 кондитер тұрақты жұмыспен қамтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: