Дүйсенбі, 05 тамыз, 15:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61-2071
03.08.2024
PDF мұрағаты

Қостанайда сібір жарасының анықталуына байланысты карантин енгізілді

05.08.2024

18 0

Фото: elements.envato.com

Қостанай облысында ірі қара малда сібір жарасы ауруы анықталуына байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сібір жарасы облыстың Приречное ауылында анықталды. 

«Қостанай облысының Приречное ауылында ірі қара малдан сібір жарасының анықталуына байланысты карантин енгізілді. Шектеу Свердлов ауылдық округі әкімінің шешімімен ауру жағдайы тұрақтанғанға дейін белгіленді. Приречное ауылы Денисовский ауданында орналасқан. Сырқаттанған малдың саны туралы нақты мәлімет жоқ», – делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы деректеріне сүйенсек, сібір жарасы Қазақстанның төрт облысында тіркелген: Ақмола, Жамбыл, Түркістан және Қарағандыда. Салдарынан індеттен бір адам қайтыс болды. 

«Департаментте жыл соңында өткен алқа мәжілісінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті ветеринарлық қызметтердің профилактикалық жұмысын сынға алды. Атап айтқанда, өткен жылы жануарларды сібір жарасына қарсы вакцинациялаудың жүргізілмеуі, төлдерді егу жиілігін есепке алмау, сібір жарасы қорымдарының дұрыс емес жай-күйі, сондай-ақ жануарларды бақылаусыз көшіру фактілері және олардың толық емес идентификациясы. Биыл көктемде табиғатты қорғау прокуратурасы Қостанай облысының ветеринариялық қызметінің жұмысын тексерді. Прокурорлар малды жалған вакцинациялау, ресми есептердегі ауруларды жасыру, вакциналарды қолдану және сақтау тәртібін бұзудың жүйелі фактілерін анықтады. Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және бірдейлендіру мәселелерінде статистикалық деректермен айла-шарғы жасалғаны анықталды», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: