Сенбі, 27 сәуiр, 01:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан футбол федерациясының сайлауы қалай өтеді

13.02.2022

1293 0

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайлау қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚФФ кезекті XXI сайлау конференциясы 2022 жылғы 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

«7 ақпанда ҚФФ мүшелері арасынан үміткерлерді ұсынуға өтінім беру мерзімі аяқталды. Содан кейін ҚФФ сайлау регламентіне сәйкес, келіп түскен барлық құжаттар сайлау комитетінің қарауына берілді. 10 ақпанда сайлау комитетінің отырысында ҚФФ президенті лауазымына сайлауға қатысу үшін кандидаттар тіркелді.

ҚФФ Жарғысының талаптарына сәйкес, Президент сайлауы жасырын дауыс беру арқылы өтеді. ҚФФ-ның әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат көп дауыс (жарты дауыс және біреуі) жинауы керек. Егер кандидаттардың бірде-бірі дауыс берудің бірінші турында қажетті дауыс санын ала алмаса, екінші тур тағайындалады. Дауыс берудің екінші кезеңіне бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады. Екінші турда жеңіске жету үшін көбірек дауыс жинау керек», – деді А. Айтқожин.

Конференцияға «Қазақстан Футбол Федерациясы «Қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінен делегаттар, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелері қатысады. Дәстүр бойынша конференцияға халықаралық футбол қауымдастығының бақылаушылары ретінде қатысатын ФИФА мен УЕФА өкілдері де шақырылады.

Айта кетейік, кеше Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымын сайлаудағы жаңа мерзімге қатысудан бас тартты.

Нәтижесінде алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді:

– Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі;

– Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы;

– Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

– Лория Давид Григорьевич – «Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ президенті;

– Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: