Сәрсенбі, 07 тамыз, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлер 12 жасында босанған оқушыға үй сыйлады

07.08.2024

54 0

Сурет: Фото: instagram.com/rupr.pvlshakeneva

Павлодарда 12 жасында сәбиін дүниеге әкелген оқушы ата-анасымен бірге тұратын болды. Бірақ қыздың отбасы басқа жерге қоныс аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Отбасы басқа елді мекенге көшеді. Кәсіпкер-меценаттар және Моңғолиядан келген қандастар отбасына баспана сыйлады. Олар отбасы мүшелері Қазақстан азаматтығын алғанша қарасуға ниет білдірді», – дейді балалар құқықтары жөніндегі аймақтық омбудсмен Сәуле Шәкенева. 

Қайырымдылыққа облыстық мәслихаттың депутаты Асылбек Туғанбай мен оның кәсіпкер достары бар бастамашы болды. Олар жаңа туған нәрестеге Томирис деген есім берді.

20 шілде күні босанған жас ана перинаталдық орталықта жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Анасы нәрестені бөтелкемен тамақтандырып жүр. 

Сондай-ақ 12 жастағы оқушы қыркүйектен бастап мектепке барып, оқуын жалғастырады. Ал перинаталдық орталықтан шыққан соң ата-анасымен бірге тұрады. Алайда қыздың отбасы осы уақытқа дейін тұрып келе жатқан ауылдан басқа жерге қоныс аударады. Жергілікті депутат отбасыға баспана сыйлады. Олардың тұрғылықты жері бойынша балалар дәрігері патронаж жасайды. Ал мектеп оқушысының психологиялық жағдайын мамандар жіті бақылауына алды.

Отбасының жаңа туған сәбиді бөбектер үйіне өткізуіне болар еді. Алайда олар баланы өздері қарап, асырайтынын айтып, бұл ұсыныстан бас тартты. Омбудсмен бұл отбасы жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органдардың және жеке өзінің бақылауында болатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: