Жексенбі, 11 тамыз, 16:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың анасына баспана сыйланды

11.08.2024

22 0

2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, палуан Демеу Жадраевтың анасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ  Олимпиаданың күміс жүлдегері, палуан Демеу Жадыраевты қабылдап, «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіліп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілті табысталды.

«Алып анадан туады», халқына лайықты перзент бола білген осындай ер азаматты тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін ең алдымен Демеудің анасы, Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрметтің үлкені, сыйдың төресі ең алдымен анаға жасалуы керек», – деді Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа да ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлықтар тапсырды.

Жетісу жұртшылығы жерлестерінің Олимпиададағы боз кілемге шыққан әр қадамын қалт жібермей қарап, тілектес болып отырғанын айта келе Бейбіт Исабаев:

«Бұған дейін де Азия, Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар алып жүргеніңді білеміз. Дегенмен Олимп шыңын бағындыру – кез келген спортшының басты арманы. Сол арманыңа сені өзіңнің қажыр-қайратың, табандылығың, жаттықтырушыларыңның еңбегі, туған елдің тілектестігі, ең бастысы абзал анаңның ақ батасы жеткізді», – деді.

Өз кезегінде Демеу Жадыраев алдымен анасына ерекше құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Анамды арнайы шақырып, құрметтеп, баспана сыйлап жатқандарыңызға көп рақмет айтамын. Кезінде Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат мектебінде төрт жыл оқып, сол жерде қанатымыз қатайды, үлкен спортқа қадам басуға көпір болды. Туып-өскен жеріміз «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атану мен үшін үлкен мәртебе», – деді Демеу Жадыраев.    

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: