Сейсенбі, 23 шiлде, 14:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

«Күнде ұрыс болып, үйде жылап отырсам, қайдағы вайн?»: Жұлдызай Дүйсенбиева жолдасы туралы айтты

16.03.2023

3107 0

Сурет: «1001 түн» бағдарламасы

Қазақстандық танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасылық құпиясын бөлісіп, жұбайының қолдауының арқасында өнерде жүргенін айтты. «1001 түн» бағдарламасына келген актриса күйеуінің қырық жасқа толғанына арнайы ән жаздырғанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен негізі әнді көп жазбаймын. Соңғы рет жолдасым қырық жасқа толғанына арнайы ән жаздым. Жаным қалаған кезде ғана жазамын. Ол кісі мен үшін осының бәрін жасап отыр. Менің «Жұлдызай» болып жарқырап жүргенім сол кісінің арқасы. Ол кісі «Шықпайсың, үйде отырасың. Кіріңді жу, тамақ дайын болсын» дейтін болса, мен қалай шығамын? Күнде үйде айқай-шу, ұрыс болып, жылап отырсам, қайдағы вайн түсіру? Вайн түгілі күйеуіңді таппай қаласың ғой. Сол үшін ең үлкен қолдау сол кісіден. Маған тосқауыл қоймайды.

«Алға, Жұлдызай. Шаршағанша, қолыңнан келген дүниені жасай бер. Тоқтама» деді», – деп жан сырын ақтарды Жұлдызай Дүйсенбиева. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: