Сейсенбі, 13 тамыз, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

Ұлы Абайға құрмет – ұлт ұраны

13.08.2024

16 0

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттау иісі қазақтың рухын көтереді.  Жыл сайын елімізде  ұлт шамшырағы А.Құнанбаевтың туған күнінің  кең көлемде аталып өтуі дәстүрге айналған. Біздің аймақта Абай күнін атап өтудің өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, 10-20 тамыз аралығында 200-ден астам танымдық шара ұйымдастырылмақ. Соның бірі облыстық қоғамдық даму бас­қармасы ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығында өткен «Мақсұтым – тіл ұс­тартып, өнер шашпақ…» атты облыстық байқау болатын. Бұл байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар меңгерген 16-35 жас ара­лығындағы талапкерлер қа­тысқан еді.

Олар Абай шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу, «Абай жолы» романынан үзіндіні көр­кем шеберлікпен жатқа айту, Абай әндерін орындау бойынша сынға түсті.

«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ…» атты облыстық байқаудың «Абай аллеясында»   жеңімпаздарды  марапаттау ша­расы өтті. Оған облыс әкімі­нің орынбасары Шахмардан Байманов арнайы келіп, қатысу­шыларды атаулы күнмен құттықтады.

«Біз Абай шығармаларынан елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын тілеулес бо­луды үйрендік. Өркендеудің негізі білім мен ғылымда екені анық. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін қалады.

Бұл тұжырымдар қазір де өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие. Себебі ХХІ ға­сырдағы ғылымның мақсаты – биікке ұмтылу, алысқа құлаш сер­меу. Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қой­май, алдыңғы қатарда болу, – деді Шахмардан Асқарұлы.

Байқау жүлдегерлеріне ар­найы Алғыс хат, бағалы сый­лықтар табысталды.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: