Жұма, 16 тамыз, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

Жанна Уразбақова: Қайғыру сезімі бойымнан әлі кетпеді

16.08.2024

22 0

Салтанат Нүкенова отбасының адвокаты Жанна Уразбахова «Мамский әңгіме» youtube-арнасына берген сұхбатында анасы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, анасының қазасы әлі күнге дейін жанын ауыртады. 

«Анам туралы айту маған әлі күнге дейін жанымды ауыртады. Анам желтоқсанда өмірден өтті. Одан бері көп уақыт өтті дей алмаймын. Қайғыру сезімі бойымнан әлі кетпеді. Жұмысқа шыққанда ұмытып кетемін. Әлі күнге дейін дұрыс қайғыра алмай жатырмын. Сол үшін де анам туралы айту қиын. Менен «үлгі тұтарың кім, кімге еліктеп өстің» десе, «анама» деп жауап берер едім. Себебі оның бойында қаншама талант болды. Ең керемет әйел болды деп айтар едім. Ізденгенді, оқығанды қатты жақсы көретін. Тіпті отаға кірейін деп жатқан соңғы сәтінде де кітап оқыды. Сосын оқығанын, білгенін үнемі менімен бөлісетін. Телефон соғып хабарласып, «білесің бе» деп бәрін айтып беретін», – деді ол.

Жанна Уразбахова отбасында анасы ғана тәрбиелегенін атап өтті.

«Анам мені жалғыз тәрбиеледі. Әкем екеуі ажырасып кеткен еді. Кішкентайымда «неге сен шыдамадың, неге ажырастың» деп анамнан сұрай беретінмін. Қазір сұрағымның дұрыс емес екенін білемін. Отбасы толық болғанымен бақытсыз болса, оны толыққанды деп айтпас едім. Анамды жерлегеннен кейін жылы үйге келгенде, ең жақын адамыңды құшақтай алмаған қиын екен. Оның суық жерде жатқанын, бірақ жылыта алмайтыным есіме түскенде өте қорқынышты болды. Сенен ешкім ештеңе сұрамайды және сенің қолыңнан ештеңе келмейді. Соны сезіну ауыр болды», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: