Дүйсенбі, 19 тамыз, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65-2075
17.08.2024
PDF мұрағаты

Жас ақындар мен жазушыларға арналған байқау жарияланды

19.08.2024

24 0

«AMANAT» партиясының мәдениет пен өнерге әрқашан қолдауы ерекше. Партияның тікелей қолдауымен жылда барлық деңгейдегі ақындар айтысы және «Ұлы дала» шығармашылық байқауы ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы алғаш рет осы байқаудың аймақтық кезеңінің өткізілуі жоспарлануда.
Партия Төрағасы Е.Ж. Қошановтың өткен жылғы «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының марапаттау рәсімінде жергілікті қаламгерлердің қатысуымен еліміздің әрбір өңірінде шығармашылық байқау өткізу жөнінде тапсырма берген болатын.
Осы тапсырмаға сәйкес, жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқау өткізу жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты.
Байқауға құжат қабылдау бүгіннен басталады яғни 19 тамыздан 31 қазан аралығында ереже бойынша қабылданады. Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша өткізіледі. Әрбір номинацияға үш орыннан (І-ІІ-ІІІ) қарастырылады. Сондай-ақ, арнайы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арнайы жүлде белгіленіп отыр.
Әр номинацияның І орындарына 300 000 теңге, ІІ орындарға 200 000 теңге және ІІІ орындарға 100 000 теңге және арнайы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арнайы номинацияға 100 000 теңге.
Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бір автор тек бір номинацияға қатысады. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады және бұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 30, «Поэзия» номинациясына 10, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 20 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады. Олар А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде,1,0 аралықта терілуі керек.

Байқауға жіберілетін материалдар бүркеншік атпен партияның аймақтық филиалының kyzylorda@amanatpartiasy.kz электрондық мекенжайына жолданады.
Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі
Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы 21-27 қазан аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі.
Ал әр номинация бойынша жеңімпаздар «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауына қатысуға тікелей жолдама алады.
Байқау ережесі толық партия филиалының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: