Жексенбі, 08 желтоқсан, 04:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Махаббат бауыр басуға айналмаса өшіп қалады» : Жазира Байырбекова

19.08.2024

233 0

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің тұрмысқа шыққан кезін еске алып, қыздарға кеңес айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Қыздарға қандай кеңес бересіз?» дейді. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Жазира Байырбекова осы тақырыпқа қатысты пікір жазған оқырманына сыйлық жасайтынын да хабарлаған. Желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр. 

«Ниеті егіз адамдарды құдай таңдап қосады», «Махаббат болған жерде байлық та, басқасына да қарамайсың. Екі ғашық сол сүйіспеншілік, татулық махаббатпен бәріне де жетеді, бәрін де жеңеді» деген пікірлер бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: