Бейсенбі, 22 тамыз, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жақсы жаңалықпен бөлісті

21.08.2024

192 0

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясында Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жақсы жаңалықты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы оқу жылындағы ең маңызды жаңалық ол халықаралық білім сапасын бағалау, яғни PISA қорытындысына қатысты.

Оның нәтижесі бойынша еліміз топ бастаушы 50 мемлекеттің қатарына кірді. Математика пәні бойынша 46, ал жаратылыстанудан 49-шы орынға көтерілді, – деді вице-премьер елордада өтіп жатқан жиында.

Сөзінше, бұл жетістік бойынша Мемлекет басшысы барша ұстаздар қауымына деген жылы лебізін министрлік арқылы жеткізген.

Ендігі меже тек осы нәтижені сақтап қалу ғана емес, сондай-ақ оны жақсарту. Оған жеткізетін бір ғана жол, ол білім сапасын көтеру, – деп айтты Дүйсенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: