Жексенбі, 23 маусым, 06:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

28.05.2024

274 0

Сурет:gas-kvas.com

 Жыл басынан 23 кәмелетке толмаған жасөспірім мотоскутер тізгіндегені үшін анықталып, олардың ата-анасына  ҚС ӘҚБтҚ-нің 615 және 620 баптарымен шара көрілді. Яғни балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 36 929 теңге айыппұл арқалады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Пережекенов Айдос Бахтиярұлы айтты.

Мұнан бөлек тәуліктің түнгі мезгілінде қараусыз, қадағалаусыз жүрген жасөспірімдердің ісіне байланысты 1135 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Сонымен қатар жыл басынан Қызылорда қаласында  1жас пен 8 жас аралығындағы балалардың ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлап кетуден 10 дерегі тіркелді. Оның бесеуі осы мамыр айында болды. Терезеден құлауының себебі балалардың қараусыз қалуы және терезеде қауіпсіздік құралдарының жоқтығы. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, терезелерді балалар аша алмайтындай етуді, тор құрылғы орнатуды сұраймыз, – деді А.Пережекенов.

Ерасыл ТҰРСЫНБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: