Бейсенбі, 22 тамыз, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Жақында тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева мәхрге не сұрағанын айтты

22.08.2024

262 0

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/

Жақында ғана тұрмысқа шыққан танымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуінен мәхрге не сұрағанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айгүл Иманбаева «Мамский әңгіме» подкасында өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, онымен қалай танысқанын айтқан болатын. Сонымен қатар, үйлену тойын өткізбей жай ғана неке қиғанын және мәхрге не сұрағанын да хабарлады. 

«Жаңа жылды бәріміз Лондонда қарсы алғанбыз. Ұлым мен келінім, оның қызы да келді. Сол кезде ресми баламмен таныстырдым. Күйеуім ұсыныс жасағанда, «Мен не істейін» деп ұлыма хабарластым. Менің жалғыз жүргенім оның жанына бататынын сезетінмін. «Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін білетін, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз» деді. Сөйтіп Лондонда некеміз қиылды. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. Күйеуім той жасауға қатысты ойымды сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім», – деп қалай тұрмысқа шыққанын баяндап берді Айгүл Иманбаева. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: