Дүйсенбі, 26 тамыз, 15:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67-2077
24.08.2024
PDF мұрағаты

Екі жасар қыз бала екінші қабаттан құлап кетті

26.08.2024

141 0

Фото: rusdialog.ru

Екі жасар қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға бүгін Орал қаласында болған. 

ТЖМ ашық терезе балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.

«Жазатайым оқиғалардың негізі себептері – ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады», делінген хабарламада.

Терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет, яғни өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы сыймайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.

  • іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату.
  • үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмау.
  • жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою.
  • балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.
  • терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу.
  • балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.
  • ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
  • баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: