Бейсенбі, 02 мамыр, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер электр самокаттарды пайдалану ережелерін түсіндірді

27.07.2023

211 0

           Соңғы уақытта  самокатпен жүйткіп жүретіндер саны көбейді. Аталған көлік құралдарын пайдаланушылар жол қозғалысының қатысушылары болып саналады.

           Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда «Жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заңмен «Жол жүрісі туралы» Заңға шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттарды пайдалануды регламенттеу бөлігінде заңнамалық 5 түзетулер енгізіледі.

          Осылайша, Заңға бұрын болмаған «электр самокат» және «шағын электр көлік құралы» ұғымы енгізілді.

          Электр самокаттардың жүргізушілеріне көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге, жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға және  жолдың жүру бөлігінде жүргізген кезінде түймеленген шлемсіз болуға тыйым салынады.

Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттардың жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған жағдайда олар ӘҚБтК 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.

«Жол жүрісі туралы» заңда белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайда, олар ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: