Дүйсенбі, 26 тамыз, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67-2077
24.08.2024
PDF мұрағаты

Студентті соққыға жыққан халық әртісі сотталды

26.08.2024

117 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Халық әртісі, балетмейстер Ақан Нұртазин балет мектебінің студентін соққыға жыққан. Оқиға Қырғыз Республикасында орын алған. Ол бір жылға сотталды, – деп хабарлайды 24.kg сайты. 

Оның айтуынша, оқиға 2023 жылғы 15 мамырда білім мекемесінің ғимаратында болған. 

«Оқиға Бішкек хореографиялық училищесінің директорының қабылдау бөлмесінде болды. Ол мен отырған кабинетке кіріп, ұра бастады. Содан миым шайқалып, Первомайск ІІБ-не арыз жаздым. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Миым шайқалғандықтан емтихандарды тапсыра алмай, оқудан шығарылдым», – дейді студент.

24 жастағы жәбірленушінің айтуынша, Бірінші Май аудандық соты Ақан Нұртазинді кінәлі деп тауып, оны бір жылға бас бостандығынан айырған. Үкім 15 тамызда шықты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: