Жұма, 03 мамыр, 05:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Он жасар қыз тұрмысқа шығып, 12 күннен кейін көз жұмды

11.08.2023

1099 0

АҚШ-та 10 жасар қыз тұрмысқа шығып, 12 күннен кейін ақ қан ауруынан қайтыс болды. Бұл туралы Passion басылымы хабарлайды.

Қыз көзі тірісінде арманын орындап, ең жақын досы Дэниелге тұрмысқа шықты. Олар өскенде отбасын құрып, балалы болғысы келген. Алайда лейкоз диагнозы екеуінің жоспарын күл-талқан етті. Эмма мен оның ата-анасы қауіпті аурумен ұзақ күрескенімен емдеу нәтижесі дұрыс болмаған. 

«Балалардың көпшілігі Диснейлендке баруды қалайды, бірақ Эмма тұрмысқа шығып, балалы болғысы келді. Олардың жанында жолдас бала мен жолдас қыз болды. Ал қалған балалар костюм шалбар және галстукпен келді. Өте тартымды көрініс болды. Дэниелдің анасы екеуіміз олардың тойын жасап бердік», – деді Эмманың анасы.

Желі қолданушылары оқиғаны қызу талқылап жатыр. Кейбірі Эмманың анасы мен әкесін мақтаса, басқалары олардың шешіміне таңданыстарын білдірді.

«Баланың жағдайы тым ауыр екені көрініп тұр. Неге жүз қонақ шақырған», «Құдай-ау, қандай өкінішті», «Балалар ауырмасын», «Сүюге асығыңыз…», «Өте өкінішті, көз жасымды тыя алмадым», «Көз жасымды тыя алмадым, қазір қыздың ата-анасына қандай қиын екенін елестете де алмаймын», – деді желі қолданушылары.

Салтанатты жиын қыздың әжесінің үйінің ауласында ұйымдастырылды. Әкесі Эмманы күйеу жігіттің жанына мүгедектер арбасымен жеткізген. Ұйлену тойы балалар үшін ең бақытты күндердің бірі болғаны жүздерінен байқалып тұр.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: