Дүйсенбі, 26 тамыз, 23:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67-2077
24.08.2024
PDF мұрағаты

Енді сақал қойғандарға айыппұл салынады

26.08.2024

189 0

Сақал қойғаны үшін бірнеше ер адамға айыппұл салынып та үлгерген, себебі бетін басқан қалың түк адамның кім екенін анықтауға кедергі келтірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Өзбекстанның podrobno.uz ақпараттық сайты хабарлады. 

Осы баптың негізге алып, әйелдерді де жауапқа тартуда (атап айтқанда, бетін толығымен жабатын киім кигені үшін). Көрші елдің Жоғарғы сотының сайтында жарияланған сот шешімдеріне сәйкес, Өзбекстанның әртүрлі аймақтарында адамдар сақал үшін жауапқа тартылды.

2023 жылдың 31 қазанында «Бүркену дәрежесі жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермесе» (медициналық көрсеткіштерге, кәсіптік қызметке, спорттық немесе мәдени іс — шараларға қатысуға байланысты жағдайларды қоспағанда) қоғамдық орындарда бетті жауып, оранып жүруге  тыйым салатын заң қабылданды.

Бұл заңды бұзу 3,4-тен 5,1 млн сомға дейін айыппұл салуға әкеп соғады (шамамен 129-194 мың теңге).

Сот шешімдерінің базасында осы бапты қолдануға байланысты 789 іс тіркелген. Джизак, Самарқанд, Андижан және Ферғана облыстарының сақалды ер адамдары жауапкершілікке жиі тартылады екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: